Бірінші Президент күнін мерекелеу аясында 1 желтоқсанда сағат 16.00 «Үлбі» ОМҮ «Елбасының сүйікті әндері» концерті өтеді...........
Как сделать потолок из гипсокартона. Как сделать подвесной потолок в доме. Какой потолок лучше сделать. Отделка ванной комнаты. Быстрая отделка ванных комнат панелями. Отделка ванной комнаты пластиковыми панелями. Кровля крыши профнастилом. Качественные материалы для кровли крыш. Крыша из мягкой кровли. Самоделки для сада. Успешные самоделки для сада своими руками. Самоделки для сада и огорода. Ванная мебель для ванной комнаты. Купить мебель для ванных комнат недорого. Заказ мебели для ванной комнаты. Бизнес малое производство. Самый малый бизнес идеи производство. Новый бизнес производство. Монтаж дверей своими руками. Быстрый монтаж входных дверей. Легкий монтаж пластиковых дверей. С чего начать ремонт квартиры. Быстрый ремонт дома с чего начать. Ремонт своими руками для начинающих.
Елбасының Жолдауы
ОМБ бойынша толық ақпарат
Аппарат құрылымы
Басқарма міндеттері
Басқарма жұмысы туралы ақпарат
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫНЫҢ ЖЕКЕ ТАБЫСЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТІ
ШҚО мәдениет басқармасының 2011 жылы атқарған жұмысы мен 2012 жылға қойған тапсырмалары туралы есебіі
Сыйлық ақылар
облыс әкімінің сыйлығы 2012
Тарихи және мәдени ескерткіштер
ШҚО тарихи-мәдени мұрасы
Жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі
Өскемен бекінісінің қаланғаны туралы тарихи очерк
Өскемен қаласындағы ең алғашқы шіркеу
Орталық қос мұнаралы мешіт
Жамбыл атындағы облыстық драма театры – республикалық маңызға ие ескерткіш
Мариин әйелдер училищесі
Көпес Рафиковтың үйі
Костюриннің механикалық шеберханалары
Аблайкит
Бір мұнарлы мешіт
Ақбауыр
Театрлар
Шығыс Қазақстан облыстық Семейдің Абай атындағы мемлекеттік қазақ музыкалық драма театры
Шығыс Қазақстан облыстық Жамбыл атындағы драма театры
Кино
Мұражайлар
Тарихи-өлкетану мұражайы
Невзоровтар отбасы атындағы Шығыс Қазақстан облыстық бейнелеу өнері мұражайы
Шығыс Қазақстан облысының өнер мұражайы
Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығы
Семей қаласының облыстық тарихи өлкетану мұражайы
Ф.М Достоевскийдің әдеби-мемориалдық мұражайы
Кітапханалар
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы
Зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың ШҚ облыстық арнаулы кітапханасы
А.С. Пушкин атындағы ШҚ облыстық кітапханасы
Жасөспірімдер кітапханасы
Филармония
Нормативті-құқықтық құжаттар
ҚР өзін-өзі басқару туралы заңы
Еңбек кодексі
Ар-намыс кодексі
Қазақстан Республикасының "Тарихи-мәдени мұраларды қорғау және қолдану туралы" Заңы
Мемлекеттік қызмет туралы заң
Қазақстан Республикасының "Жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңы
Мәдениет туралы заң
ҚР Конституциясы
Қазақстанның мәдени мұрасы
2030 Бағыттары
Елбасының Жолдауы
«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты
Мемлекеттік рәміздер
Стратегиялық жоспар
Оперативтік және стратегиялық жоспардың сараптамасы
Ауылды аймақтарды дамыту мониторингі
2011-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспар
2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспар
Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының жүзеге асырылуындағы оперативтік есебі
Мемлекеттік сатып алулар
Байқаулар
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңы
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесі
Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу ережесi
Протокол об итогах государственных закупок способом из одного источника
Мемлекеттік қызметтер
Мемлекеттік қызметтің регламенті
Мемлекеттік мекеменің регламенті
Мәдениет жаршысы
Кадрлық қамтамасыз ету
Бос орындар
Мемлекеттік мәдениет ұйымдарының үлгілік штаттары
Ішкі бақылау қызметі
2012 жылдағы ІБҚ қорытындысы туралы ақпарат

Виртуалды 3D тур

Электрондық кітапхана

Баннер

Виртуалды мұражай

Баннер
Баннер
Баннер
Баннер

Филармония

“Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік филармониясы” КМҚК


Құрылған жылы – 1958 жыл
Қызметінің негізгі бағыттары:
1. Тұрғындардың эстетикалық танымын дамыту және филармониялық концерттерге тарту ісінде жаңа бағыттар қарастыру;
2. Көрермендер қызығушылығын ынталандыру бойынша шаралар қолдану және дайындау, брошюралар, буклеттер, аннотацияларымен ақпараттық қағаздар шығару, концерттер ұйымдастыру және талдау, артистер мен көрермендердің қатысуымен пікірталастар өткізу;
3. Әрбір жаңа бағдарламаның белгілі бір атауының нақты негіздемесін анықтау.
4. Мерейтойларға, мемлекеттік мерекелерге, естелік оқиғаларға арналған шығармашылық жобаларды іске асыру;
5. Филармониялық және эстрадалық ұжымдардың ауылдық елді мекендерді концерттермен кеңінен қамтуды жүзеге асыру;
6. Тұрғындардың әртүрлі санаттарының арасында жас ерекшелігі, әлеуметтік-білім деңгейін ескере отырып музыкалық-эстетикалық білім беру-ағарту жұмыстарын ұйымдастыру;
7. Шығармашылық ұжымдардың бағдарламаларын жыл сайын жаңартып отыру.

«ШҚО мемлекеттік филармониясы» КМҚК директоры - Чукотаев Ерлан Қалиасқарұлы
Туған күні: 13.01.1969 ж.
Туған жері: Шығыс Қазақстан облысы, Самар ауданы, Самарское ауылы
Ұлты: қазақ
Білімі: жоғары
Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы: 1997 ж. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Гуманитарлық университеті, Шымкент қаласы
Мамандығы бойынша біліктілігі: Мектеп және мектептен тыс мекемелердегі мәдени-демалыс қызметінің педагог–ұйымдастырушысы
ЕҢБЕК ЖОЛЫ:

  • 13.04.1987 ж.-04.05.1987ж. - Слесарь, Самар автобус паркі
  • 21.08.1989 ж.- 11.09.1989ж.- 1 разряд слесарі, Самар автобус паркі
  • 18.10.1989 ж.- 11.03.1990ж. - Самар АМҮ-мәдени ұйымдастырушы
  • 11.03.1990ж.-  02.08.1993 ж. - Самар АМҮ- ВИА жетекшісі
  • 15.08.1993 ж.- 05.02.1996 ж. «Сипан» ИПК ЛТД-күзетші
  • 26.08.1997 ж.-02.07.1998 ж. - М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Гуманитарлық университеті КДД теориясы және әдістемесі кафедрасы
  • 18.03.2002 ж.- 10.09.2002 ж. - Мәдениет және өнер бөлімі жетікші маманының міндетін атқарушысы
  • 10.09.2002 ж. - 24.09.2003 ж.- Мәдениет және өнер бөлімі жетікші маманы –
  • ШҚО мәдениет басқармасы
  • 05.01.2004 ж. 01.10.2007 ж. - «Регион Медиа» ЖШС хабарландыру қабылдау бөлімінің аға менеджері
  • 01.11.2008 ж.- 05.01.2010 ж. - Мәдени-көпшілік жұмысының маманы - «Мәдениет және өнерді қолдау қоры» КМҚК
  • 05.01.2010 ж. - 27.01.2010 ж. - «Халық шығармашылығы және мәдени-демалыс қызметінің облыстық  орталығы» КМҚК-на ауыстырылды, 20.11.2009 ж. №271 ШҚО әкімдігінің қаулысына сәйкес   мәдени-демалыс қызметін ұйымдастырушысы – «Халық шығармашылығы және мәдени-демалыс қызметінің облыстық  орталығы» КМҚК
  • 27.01.2010 ж. - 01.08.2011 ж. - Көпшілік ойын-сауық режиссері –  «Халық шығармашылығы және мәдени-демалыс қызметінің облыстық  орталығы» КМҚК
  • 01.08.2011 ж. - 10.10.2011 ж. - Демалыс және әдістемелік жұмысын ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі «Халық шығармашылығы және мәдени-демалыс қызметінің облыстық  орталығы» КМҚК
  • 11.10.2011 ж.- 23.09.2012 ж. - Директор орынбасары – «Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік филармониясы» КМҚК
  • 24.09.2012 ж.- директор  «Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік филармониясы» КМҚК

Телефон: 8(7232) 700-948
8(7232) 77-64-47

«Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік филармониясы» КМҚК

2011 жылдағы атқарған жұмысы


Коммуналды Мемлекеттік Қазыналық  Кәсіпорын «Шығыс Казақстан  облысының мемлекеттік филармониясы» штат құрамында жеке алты шығармашылық ұжымы бар: қазақ ұлт аспаптар оркестрі, симфониялық оркестрі, үрлемелі аспаптар оркестрі, камералық оркестрі,  «Алтай» фольклорлық ансамбілі және бишілер тобы.
Жоғары аталған ұжымдар 2011 жылы  өздерінің жаңа бағдарламаларын көрермендерге паш етті. Өткен жылда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20-жыл толуына орай өткізілген іс-шаралардың барлығы осы мерейтойға бағытталды, атап айтатын болсақ: «Елім менің», «Бірыңғай жанұяда», «Музыкалық шедеврлар», «Балалықшаққа саяхат», «Музыкалық калейдаскоп» және  филармонияның әншілері өздерінің жеке концерттерін берді.  Сонымен қатар қала мектептерінде де, осы  тақырыптар бойынша жасалған сазды 14 концерттік абонементтер  өткізілді.
2011 жылы  «Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік филармониясы» КМҚК-і алдарына қойылған жоспарларын жеткілікті деңгейде орындады. Жылдық жоспар бойынша   қойылатын концерттер саны - 122, концертерде болған көрермендер саны  - 42319 көрсетілсе, негізі берілген жыл жоспары   орындалып, қойылған концерт саны - 122,  көрермендер саны - 42 520-ны құрады.

1.    Шығыс Қазақстан облысы әкімінің симфониялық  оркестрі
Симфониялық оркестрі  - 2011 жыл бойы –  9 концерт беріп, көрермендер саны – 3 800-ді  құрады.
7 наурызда -№ 2 облыстық балалар музыка мектебінің үлкен залында Халықаралық әйелдер күніне арналған концерттік бағдарламасын ұсынды, көрермендер саны 300-ді құрады.
10 қазанда -№ 2 облыстық балалар музыка мектебінің залында  концерттік маусымның ашылуына оркестр «Шығыс Қазақстан  облысының композиторлары  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арнайды» атты концерттік бағдарламасын  ұсынды.
Көрермендер саны 300-ді құрады.
28 қазанда оркестр «Үлбі» отбасылық демалыс орталығында өткен Үлбі зауытының күніне  арналған концертіне қатысты, көрермендер саны 500-ді құрады.
5 қарашада Семей қаласында өткен «Туған ел - алтын бесігім» атты акциясына оркестр филармонияның ұжымдарымен қатысты,  көрермендер саны 500-ді құрады.
22 желтоқсан Семей қаласында  «Туған ел - алтын бесігім»атты акциясының «Галла-концертіне» қатысты, көрермендер саны 1000-ды құрады.
Жыл бойы қала мектептерінде симфониялық оркестрі - 4 сазды абонементтік концерттерін өткізді, көрермендер саны 1200-ді құрады.

2. Камералық оркестрі

Филармонияның камералық оркестрі жыл бойы - 11 концерт берді,    
көрермендер саны – 5650-ы құрады.
Оркестрдің  бағдарламасы жыл бойы Қазақстан және Шығыс Қазақстан облысының танымал композиторларының белгілі шығармаларымен  өңделді.
15 сәуірде камералық оркестр Ресей Федерациясының Барнаул қаласына гастрольдік сапармен    барып қайтты, концертте көрермендер саны 500-ді құрады.
26 қазанда камералық оркестр концерттік маусымының ашылуын «Бірыңғай жанұяда» атты жаңа бағдарламасымен ашты, көрермендер саны 300-ді құрады.
Камералық оркестр жыл бойы қала мен облыс көлемінде өткен мәдени іс-шараларға қатысты, атап өтетін болсақ:
«Туған ел - алтын бесігім» атты акциясы.
Республикамыз сол сәтте үлкен отбасы тәрізді, осынау мерекені қарсы алуға дайындық үстінде филармония әкімшілігінің бастамасымен, әрбір қазақстандықтың жүрегіне тәуелсіздікпен қайырымдылық ажырамастай тұтасып жатыр деген оймен, зәру жандарға қол ұшын беру акциясын - Прыгова Екатеринаның үлесіне, 3 желтоқсанда қайырымдылық концерт өткізілді. Аталған іс-шара филармонияның үрлемелі аспаптар оркестрі, қазақ ұлт аспаптар оркестрі және әншілерінің қатысуымен өткізілді.
Көрермендер саны – 320-ны құрады.
«Тәуелсіздік – қайырымдылыққа апаратын жол» және «Қазақстанда әр азамат қымбат» деген ұранмен   концерттен түскен қаржы - Е.Прыговаға берілді. Аталған іс-шара теледидар арнасынан көрсетіліп және бұқаралық ақпараттарда жарияланды.
«Үлбі» отбасылық демалыс орталығында өткен 2011 жылдың 29 желтоқсанында  облыс әкімінің қатысуымен мәдени іс - шараларының есеп беру кешіне қатысты көрермендер саны 500-ді құрады.
Жыл бойы  оркестр қала мектептерінде - 4 сазды абонементтер өткізді.

3. Қазақ ұлт аспаптар оркестрі
Жыл бойы  оркестр - 17 концерт берді, көрермендер саны -8 400.
25 наурызда спорт сарайында Елбасын қарсы алу рәсіміне қатысты, көрермендер саны 5000-ды  құрады.
21 маусымда оркестр «Титан-мырыш комбинаты» АҚ- ның демалумен емделу орталығында өткен Республика мүсіншілерінің симпозиумына қатысты көрермендер саны 300-ді құрады.
31 тамызда Ертістің сол жақ жағалауында орналасқан мұражайында  өткен «Мұшайраға» қатысты көрермендер саны 300-ді құрады.
17 қыркүйекте Ертістің сол жақ жағалауында орналасқан мұражайында «Тіл мерекесіне» арналған концерттік бағдарламаға қатысты, көрермендер саны 800-ді құрады.
16 қазанда Металлургтер мәдениет сарайында қазақ ұлт аспаптар оркестрі  жергілікті әуесқой сазгер Серік Бабахановтың шығармашылық  кешіне қатысты, көрермендер саны 600-ді құрады.
18 қазанда оркестр Металлургтер мәдениет сарайында «Рухани бірлестігінің күніне» арналған мәдени іс-шараға қатысты, көрермендер 500-ді құрады.
5 қарашада Семей қаласында  «Туған ел - алтын бесігім» атты акциясының аясында өткен концерттік бағдарламаға қатысты, көрермендер саны 500-ді құрады.
15  қарашада оркестр  Металлургтер мәдениет сарайында өткен ҚР еңбек сіңірген әртісі, сазгер Гүлнар Даукенованың шығармашылық кешіне қатысты, көрермендер саны 350-ді құрады.
14 желтоқсанда оркестр Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған  сазды бағдарламасын облыстық аурухана қызметкерлеріне ұсынды,  көрермендер саны 150-ді құрады.

4. «Алтай» фольклорлық  ансамбілі
2011 жылы  «Алтай» ансамблі   15 концерт беріп, көрермендер саны
5 350-ді  құрады.
Ансамбль, өзінің сазды бағдарламасымен  жыл көлемінде ШҚ облыстық мәдениет басқармасы және калалық мәдениет пен тілдерді дамыту бөлімімен мерекелік күндеріне ұйымдастырылған концерттік бағдарламаларға   қатысты, атап айтатын  болсақ:
25-ші наурызда Елбасының «Нұрлы көш» ауылының тұрғындарымен кездесу іс-шарасына қатысты, көрермендер саны 500-ді құрады.
15-ші сәуірде Жамбыл атындағы облыстық драма театрында өткен жыл сайын берілетін  облыс әкімінің  сыйлығымен марапаттау мерекелік шарасына қатысты, көрермендер саны 250-ді құрады.
28-ші мамырда  Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік концерті «Шығыс Қазақстан облыстық балалар ауылында» өтті, көрермендер саны 100-ді құрады.
26-шы тамызда «Үлбі» отбасылық демалыс орталығында  «Алтай - түркі әлемінің алтын бесігі» атты халықаралық форумының ашылу рәсіміне қатысты, көрермендер саны 500-ді құрады.
31-ші тамызда Ертістің сол жақ жағалауында орналасқан мұражайында өткен «Мұшайраға» қатысты, көрермендер саны 800-ді құрады.
16-шы қыркүйекте Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ корпусында «Сарқылмас саяхат» атты туристік жәрмеңкесінің ашылу рәсіміне қатысты, көрермендер саны 300-ді құрады.
22-ші қыркүйекте Бұқтырма кеңтінде өткен халықаралық энергетикалық форумының ашылуына ұйымдастырылған сазды бағдарламасына қатысты, көрермендер саны 200-ді құрады.
23-ші қыркүйекте  Металлургтер мәдениет сарайында
«Ғасырлар ескен есілім, жырлармен жеткен есімін» атты II Республикалық конкурстың ашылу рәсіміне қатысты, көрермендер саны 600-ді құрады.
15-ші қазанда Металлургтер мәдениет сарайының алаңында өткен «Күздің сыйлықтары» атты жәрменкесінің концерттік бағдарламасына қатысты, көрермендер саны 500-ді құрады.
28-ші қазанда ШҚМУ № 5 корпусында өткен «Дидар» ШҚ облыс газетінің 80-жылдық мерей тойының салтанатты кешіне қатысты, көрермендер саны 500-ді құрады.
16-шы қарашада Металлургтер мәдениет сарайында қазақ ұлт аспаптар оркестрі  жергілікті әуесқой сазгер Серік Бабахановтың шығармашылық  кешіне қатысты, көрермендер саны 600-ді  құрады.
22-ші желтоқсанда Семей қаласында өткен  «Туған ел - алтын бесігім» атты акциясының галла - концерттік бағдарламасына қатысты, көрермендер саны 500-ді құрады.
29-шы желтоқсанда облыс әкімінің қатысуымен «Үлбі» отбасылық демалыс орталығында өткен 2011жылдың мәдениет іс- шараларының есеп беру кешіне қатысты, көрермендер саны 500-ді құрады.

5. Бишілер тобы
2011 жылы бишілер тобы  5 мәдени іс-шараға қатысты көрермендер саны 1 900-ді құрады, атап өтетін болсақ:
17-ші қыркүйекте Ертістің сол жақ жағалауында орналасқан мұражайында «Тіл мерекесіне» арналған концерттік бағдарламаға қатысты, көрермендер саны 800-ді құрады.
28-ші қазанда бишілер «Дидар» газетінің 80-жылдық мерейтойына арналған концерттік бағдарламаға қатысты, көрермендер саны 500-ді құрады.
16-шы қарашада № 24 орта мектебінде өткен сазды абонемент бағдарламасына қатысты, көрермендер саны 200-ді құрады.
14-шы желтоқсанда бишілер тобы № 31 еңбекпен түзету колониясында өткен  концерттік бағдарламаға  қатысты, көрермендер саны 300-ді құрады.
23-ші желтоқсанда № 37  орта мектебінде  өткен сазды абонемент бағдарламасына қатысты, көрермендер саны 100-ді құрады. 

6. Үрлемелі аспаптар оркестрі
Оркестр 2011 жылда 21 концерт беріп, көрермендер саны 12 300 -ды құрады.
25-ші қаңтарда «Үлбі» отбасылық демалыс орталығында «Нұр отан» партиясы конференциясының ашылу рәсіміне қатысты,  көрермендер саны 500-ді құрады .
7-ші ақпанда «Азиада – 2011 алауын»  әуежайда қарсы алу рәсіміне қатысты,  көрермендер саны 1000-ды  құрады.
16-шы ақпанда облыс әкімінің «Үлбі» отбасылық демалыс орталығында «Азиада - 2011» ойындарына қатысқан Шығыс Қазақстан спортшыларын  марапаттау рәсіміне қатысты, көрермендер саны 500-ді құрады.
22-ші наурызда қала және облыс бойынша өткен «Наурыз мейрамы» мерекелік концерттік бағдарламаларына өз үлестерін қосты.
25-ші наурызда оркестр қала әкімі И.Әбішевтің Прохладная көшесі тұрғындарының арасында  «Ең үздік үй»  атты мәдени іс-шарасына қатысты, көрермендер саны 300-ді құрады.
2-ші мамырда «Жастар» саябағының ашылу рәсіміне қатысты көрермендер саны 300-ді құрады.
6-шы мамырда «Титан-мырыш комбинаты» АҚ-ның Ұлы отан соғысының ардагерлеріне  арналған концерттік бағдармаласына қатысты, көрермендер саны 300-ді құрады.
8 мамыр  Ертістің сол жақ жағалауында орналасқан мұражайында Ұлы отан соғысы ардагерлерінің құрметіне және  Жеңіс мейрамына  арналған  концерттік бағадарламасын ұсынды, көрермендер саны 300-ді құрады.
1-ші маусымда оркестр Республика алаңында өткен Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік шеруіне қатысты, көрермендер саны 1500-ді құрады.
6-шы шілдеде оркестр Астана күніне арналған  сазды бағдарламасын қала тұрғындарына паш етті, көрермендер саны 1500-ді құрады.
27-ші тамызда Металлургтер мәдениет сарайында өткен қол күресі-армрестлингтен Республика чемпионатының ашылу рәсіміне қатысты, көрермендер саны 500-ді құрады.
30-шы тамызда  оркестрдің қатысуымен орталық алаңында өткен «Қалыңдықтар шеруі» атты мәдени іс-шарасы өткізілді, көрермендер саны 500-ді құрады.
30-шы тамызда оркестр  Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған шеруіне қатысты, көрермендер саны 3000-ды құрады.
2-ші қыркүйекте  «Менің мамандығым-менің мақтанышым» атты акциясына арналған сазды бағдарламаға қатысты, көрермендер саны 1000-ды құрады.
17-ші қыркүйекте  Ертістің сол жақ жағалауында орналасқан мұражайында өткен «Тіл мерекесіне» қатысты көрермендер саны 800-ді құрады.
15-ші қазанда Металлургтер мәдениет сарайының алаңында өткен «Күздің сыйлықтары» атты жәрменкесінің концерттік бағдарламасына қатысты, көрермендер саны 500-ді құрады.
17-шы қарашада Металлургтер мәдениет сарайында Тахир Ибрагимовты еске алу кешіне арналған  симфо-джаз концерті өтті, көрермендер саны 400-ді құрады.
9-шы желтоқсанда оркестр Металлургтер мәдениет сарайында өткізілген Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдық мерейтойына арналған медальдармен марапаттау рәсіміне қатысты, көрермендер саны 400-ді құрады.
Жыл бойы қала мектептерінде - 2 сазды абонемент қойылды.

7. Филармония әншілері
Шығыс Қазақстан облыстық  мемлекеттік филармониясының штатында 10 жеке дауыста орындаушылары бар.  2011 жылы әншілер концерттік бағдарламаларын Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына орай бағыттады.
4-ші ақпан айында А.Мазкенова  және 23-ші қыркүйекте А.Нургожина өздерінің жеке концерттерін № 2 облыстық балалар музыка мектебінің залында өткізді, көрермендер саны 600-ді құрады.
18-ші наурызда № 2 облыстық балалар музыка мектебінің залында «Филармония әншілері шырқайды» атты концерті өткізілді,  көрермендер саны 300-ді құрады.
26-шы наурызда Астана қаласында өткен Н.Тлендиевтің «Өз елім» атты конкурсына А.Мазкенова  қатысып, дипломант атағына ие болды.
6-8-ші мамыр аралығында Ертістің сол жақ жағалауында орналасқан мұражайында және ШҚО «Қазақстан-Өскемен» теледидарының «Рауан» бағдарламасында Жеңіс күніне арналған мәдени іс-шараларына   В.Ткач, А.Мазкенова, А.Алтай, Г.Перкова,  С.Қанағатов қатысты.
28-ші мамырда «Шығыс Қазақстан облыстық балалар ауылында» Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік концерті қойылды, қатысқандар: А.Мазкенова, «Алтай»ансамблі, бишілер тобы, А.Алтай, көрермендер саны 100-ді құрады.
17-ші қыркүйекте Астана қаласында өткен халықаралық Б.Төлегенова атындағы әншілер сайысына филармония әншісі  А.Мазкенова қатысып, дипломант атағына ие болды.
22-ші қыркүйекте Бұқтырма кеңтінде өткен халықаралық энергетикалық форумының ашылуына ұйымдастырылған сазды бағдарламасына «Алтай» фольклорлық ансамблінің жеке дауысты орындаушысы М.Арғымбекова қатысты.
26-шы қыркүйекте «Ульба» медициналық әлеуметтік орталығыда  «Қарттар күніне» арналған концерттік бағдарлама А.Мубарак, Е.Матабаев, С.Қанағатов, Г.Перкованың қатысуымен өтті.
5-ші қазанда филармония әншілері: В.Ткач, А.Мазкенова, Ә.Тұрғанбаев  және Е.Матабаев  Түркия Республикасының  Бурса қаласында өткен мәдени іс-шараларға қатысты.
Қазан айының 6-26 күндері аралығында  қазақ ұлт аспаптар оркестрі, симфониялық оркестрі және камералық оркестрі № 2 облыстық балалар музыка мектебінің залында концерттік маусымдарының ашылуын филармония әншілерінің қатысуымен өткізді.
5-ші қарашада Семей қаласында өткен  «Туған ел - алтын бесігім» акциясына  филармония әншісі А.Мазкенова  қатысты.
14-ші қарашада «Қаладан ауылға» атты акциясы Катон-Қарағай және Глубокий  аудандарында филармония әншілері: Ә.Тұрғанбаев, А.Алтай, Е.Матабаев, А.Мубарактің қатысуымен өтті. Атап өткен аудандарда 6 концерт қойылды, көрермендер саны 600-ді құрады.
17-ші қарашада Металлургтер мәдениет сарайында Тахир Ибрагимовты еске алу кешіне  арналған  симфо-джаз концертіне В.Ткач, О.Орлова қатысты. 
26-шы қарашада  «Ризашылық» атты қайырымдылық концерті «Шығыс Қазақстан облыстық балалар» үйінде өтті. Аталған іс-шараға қатысқандар: А.Какенов,А.Алтай,Г.Перкова,А.Мубарак.
3-ші желтоқсанда Металлургтер мәдениет сарайында Прыгова Екатеринаға қол ұшын беру қайырымдылық концертіне филармония әншілері А.Мазкенова, А.Нургожина, А.Алтай, В.Ткач, Ә.Тұрғанбаев, А.Мубарак қатысты.
14-ші желтоқсанда Облыстық ауруханасында өткізілген Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналып қойылған концерттік бағдарламасына А.Нургожина,А.Мазкенова,А.Алтай қатысты.
25–ші қарашада филармонияның ұйымдастыруымен Елена Пилипенконың, № 2 облыстық балалар музыка мектебінің залында жеке концерті өтті , көрермендер саны 250-ді құрады.
2011 жылы «Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік  филармониясы» КМҚК-нің ұйымдастыруымен келесі әртістердің гастрольдік сапары өтті :
22-ші сәуірде  Ресей Федерациясының еңбек сіңірген әртісі  Е.Г.Третьяковтың фортепианолық кеші № 2 облыстық балалар музыка мектебінің залында өтті, көрермендер саны 300-ді құрады.
Мамыр айынын 14-18-і күндерінде Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының шығармашылық ұжымдары гастрольдік сапармен келіп, «Үлбі» отбасылық демалыс орталығында концерттерін қойды, сонымен қатар № 2 облыстық балалар музыка мектебінің залында Ж.Аубакирова өзінің дәріс сабағын өткізді, көрермендердің жалпы саны 750-ді құрады.
2-ші маусымда № 2 облыстық балалар музыка мектебінің залында Астана қаласының опера және балет театрының әншілерінің Роза Нуркей және Евгений Чайниковтың жеке концерті өтті, қөрермендер саны 250-ді құрады.

 

Іздеу

Баннер
Баннер
Баннер

Сайтта қазір

Қәзір 12 қонақ онлайн

Ел жаңалықтары

Казахстанский информационный портал zakon.kz
Казахстанский информационный портал zakon.kz